Ақшаңды бер де, орын ал! Министрлік балабақшаға кезексіз орналастырып, ваучер алып береміз дейтін хабарламаларға сенбеуге шақырды. Оқу-ағарту вице-министрі заңсыз әрекетке барғандар жауапкершілікке тартылатынын айтты. Шынар Ақпарованың сөзінше, балаларды кезекке қою рәсімі толықтай ресми онлайн платформаларда жүзеге асады. Оны әр ата-ана өзі толтыруы қажет. Ал 20-30 мыңға орын алып береміз дегендерге жеке деректі беру заңсыз. Сол себепті де мұндай әрекетке жол беруге болмайды деді вице-министр.