Жетісу облысында азаматтардың жеке дерегін заңсыз пайдаланғандар ұсталды. Талдықорған қаласында коллекторлық агенттік қызметкерлері тұрғындардың аты-жөні, телефон нөмірі, тіпті ЖСН-і бойынша ақпарат іздеген. Олар дербес мәліметтерді заңсыз жинап, таратумен айналысыпты. Жедел іздестіру нәтижесінде үш адам ұсталып, тұрғылықты және жұмыс орындарында тінту жүргізілді. Нәтижесінде компьютерлер мен мобильді құрылғылар тәркіленген.
Гүлнәзия Амирханова