Перейти к содержимому
· 15 просмотров

Каспийге 6 миллиард текше метрден астам су жіберілді

Жыл басынан бері Каспий теңізіне 6 миллиард 160 миллион текше метр су жіберілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Атырау тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді. «Жайық-Каспий» бассейндік инспекциясының дерегінше, соңғы екі жарым жылда теңізге бағытталған су көлемі 35 миллиард текше метрден асыпты. Оның 17 миллиард текше метрге жуығы былтырғы тасқын кезінде түскен. Сонымен қатар ведомство жаңа Су кодексінің аясында кәсіпорындарды тіршілік нәрін үнемдейтін технологияларға көшіріп жатыр екен. Өткен жылы Атырау облысында осындай жүйелердің арқасында 13 миллион текше метр су үнемделсе, биыл бұл технологиялар тағы 800 гектар алқапқа енгізілген.

Ғалымжан Кенжебеков

← Все новости