Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Қара аққулар көбейді

Шымкенттің хайуанаттар бағында қара аққулар көбейді. Осы ерекше құстың жұбы екі бірдей балапан басып шығарған. Көгілдірлердің жарық дүниенің жанарын көргеніне төрт айдан асқан екен. Бірақ зообақ басшылығы ешкімге көрсетпепті. Әбден ширап, жаңа ортаға бейімделгенін күтіпті. Қазір балапандар өсіп, қанаттанып, су бетінде еркін жүзіп жүр. Бір қызығы, жұмыртқадан алғаш шыққанда олардың түсі сұр болады екен. Өсе келе қараға айналады. Қара аққулар көбіне Австралия аумағында, соның ішінде осы елдің Тасмания аралдарында мекен етеді.

Ғалымжан Кенжебеков

← Все новости