Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Бозбала айдап жүр екен

Тәртіп сақшыларынан қашамын деп, жазым бола жаздады. Оралдық жасөспірім ұрланған машинамен электр бағанасына соғылды. Оқиға кеше таңғы сегіздер шамасында болған. Көлікқұмар бозбала полиция қызметкерлерін әбден әбігерге салғанға ұқсайды. Төртеуі бірдей қуса да, жасөспірімге жете алмапты. Ақыры тықсырған темір тұлпарлардан ығысты ма, бар жылдамдығымен бағананы қиратып, жол жиегіне әрең тоқтаған. Сөйтсе, тізгінші бала әкесінің көлігін мініп кетіпті. Алғашында мүлкінен көз жазып қалған қала тұрғыны полицияға арыз жазған. Алайда кейін қайтып алыпты. Қазір аталған дерек бойынша кәмелетке толмағанның заңды өкілдерін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

← Все новости