Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Ақшаңды бер де, жүргізуші куәлігін ал!

Ақшаңды бер де, жүргізуші куәлігін ал! Дәл осылай әлеуметтік желіде көпшіліктің сеніміне кіріп, құйтырқы әрекетін іске асырған алаяқ ұсталды. Ұлытау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті азаматтарға көлік жүргізуге қажет құжатты, яғни, «права» алып беремін деп уәде еткен. Қызметі үшін әр адамнан 300 мың теңгеден бастап 1 жарым миллионға дейін алып отырған. Алайда қолына ақша түскен соң, байланысын үзген. Бүгінде осы іс бойынша полицияға 20-ға жуық арыз түсіпті. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

МҰХАМЕД КАРМЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМШЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ұлытау облысының полиция департаменті азаматтарды мұндай заңсыздыққа сенбеуге шақырады. ҚР-да жүргізуші куәлігін тек заңнамада белгіленген ереже бойынша жүзеге асырады. Арнайы оқу курсын өтіп, емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін ғана халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы рәсімделеді.

← Все новости