Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Атырауда пластик қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт іске қосылды

Атырауда пластик қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт іске қосылды. Жаңа кәсіпорын тәулігіне 20 тоннаға дейін полиэфирлі талшық өндіреді. Жобалық құны 2 млрд теңге болатын нысан өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартып, қалдықтарды кәдеге жаратуға мүмкіндік береді. Мұнда жылына 7 мың тонна өнім шығарылып, 67 адам жұмыспен қамтылады. Ал өнімнің бір бөлігі ішкі нарыққа, қалғаны экспортқа жөнелтіледі.

ШЫҢҒЫС АРЫСТАНОВ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ:

Жобалық құны – 2 млрд теңге. Оның ішінде 20 пайызы жеке инвестордың қаржыландыруымен және 80 пайызы өнеркәсіпті дамыту қорынан қаржыландырылып отыр. Қазіргі таңда, өздеріңіз көргендей, құрылғылардың монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Рамазан Палмағанбет

← Все новости