Перейти к содержимому
· 10 просмотров

LRT станцияларында бақылау күшейді

LRT станцияларында бақылау күшейді. Бұған себеп – жолаушылар санының күрт артуы. Осыған байланысты Ұлттық ұланның сарбаздары сап түзеп, 17 станцияда екі ауысымдық режимде қызметке кірісіп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қатаң бақылауға алды. Ұландықтар тек станциялардың ішінде ғана емес, оған іргелес аумақтарда да тәулік бойы қырағылық танытып, жолаушылар қозғалысын реттеп, азаматтарға жедел көмек көрсетеді.

Қуат Құдайберген

← Все новости