Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Балаларға төнген қауіп көбейді

Балалармен онлайн танысып, өміріне қауіп төндіретін қаскөйлер көбейді. Ішкі істер министрлігі интернет арқылы жеткіншектердің арын арамдауға ұмтылған азғындардан сақтану керегін айтты. Өйткені елімізде онлайн-груминг тәсілі тым белең алып келеді. Әдетте мұндай адамдар интернет-платформалар арқылы өзімен жасты баланың кейпінде танысады. Кейін көңіл бөлгендей кейіп танытып, күнбе-күн хабар алысады. Артынша жеке мәліметтеріне қол сұғып, фотосуреттер мен видеолар жіберуін сұрайды. Тіпті екеуара әңгіме жайлы тіс жарымауды талап етіп, психологиялық қысым көрсетуі мүмкін. Сондықтан жасөспірімдерге бөгде адаммен сөйлеспеу керегін ескертті. Интимдік сипаттағы сұрақтар қойса, қарым-қатынасты дереу доғарған абзал.

Жақсылық Жасұланұлы

← Все новости