Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Диқандар дән сеуіп болды

Диқандар дән сеуіп болды. Үкімет Ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Биыл 23,8 млн гектар алқапқа егін егілді. Астықты аймақтар арасында Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары көш бастап тұр. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдетілген лизинг арқылы алуға бюджеттен 300 миллиард теңге бөлініп отыр. Осылайша шаруалардың жұмысы әлдеқайда жеңілдеп, еңбек өнімділігі артпақ.

Жанар Арғынова

← Все новости