Перейти к содержимому
· 13 просмотров

Көліктер соқтығысып, үш адам қаза тапты

Ақтөбе облысында ірі көлік апаты болып, үш адам қаза тапты. Қайғылы жағдай кеше түс ауа Ақтөбе-Астрахань тасжолында, Қарауылкелді ауылының маңында болған. Шетелдік жүк көлігі жеңіл машинаға соғылды.

АЙБЕК БОРАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үш автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Соның салдарынан екі адам қаза тауып, сегіз адам әртүрлі дене жарақаттарымен Байғанин аудандық ауруханасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полицейлердің хабарлауынша, апат кезінде жеңіл көліктердің бірі отқа оранған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер аудандық ауруханаға сегіз пациентті жеткізіпті. Біреуі ауыр жағдайда болған.

ДОСБОЛ ӘУЕЗОВ, БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Өкінішке орай, ауыр жағдайда болған бір пациентті құтқару мүмкін болмады. Қалған зардап шегушілер қажетті ем алуда. Науқастарға жедел мамандандырылған көмек көрсету үшін Ақтөбеден санавиация келді.

← Все новости