Батыс Қазақстанда сирек кездесетін алып құс мекендейді. Үлкендігі соншалық, қанатын қомдағанда 3 метрге жетеді екен. Ол әлемдегі ең ірі құстардың бірі – бұйра бірқазан. «Жалтыркөл» қорығындағы ерекше көріністі фотографтардың бірі таспаға басыпты. Оның жер бетіндегі жалпы саны 20 мыңға жуықтайды. Сондықтан қанаттыларды қай жақта жүрсе де қызғыштай қорғау парыз. Біздің елде де бірқазандардың бұл түрі Қызыл кітапқа хатталған. Ал олардың негізгі қорегі – балық. Ересектері күніне 1 келіден астам шабақты қылғыта салады.