Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Шымкентте жылан қаптады

Шымкентте күн ысығалы жылан қаптады. Соңғы екі айдың өзінде тұрғындар 130-дан астам бауырмен жорғалаушыны көрген. Төтенше жағдай мамандарының сөзінше, шақыртулардың басым бөлігі жер үй иелерінен түседі. Тіпті көпқабатты нысандарға да кіріп жатқан көрінеді. Дегенмен жылан шағу дерегі тіркелмепті.

ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жыланның бәрі қауіпті болып есептеледі. Өйткені тұрғындар қайсысы улы, қайсысы уы жоқ екенін білмейді. Үйлерден ғой. Жер үйлерден, жертөлелерден, табалдырықтан, тамның ішіне кіріп кетіп жатыр. Аулаларда шөптердің ішіне кіріп кетіп жатыр.

← Все новости