Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Бет-жүзді жасырғандарға бақылау күшейді

Бет-жүзіңізді тұмшалап, айыппұл арқалап жүрмеңіз! Полицейлер көшеде түр әлпетін бүркемелеп жүретін азаматтарға заң талабын түсіндіріп, бақылауды күшейтті. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары мәлімдеді. Санжар Әділовтің сөзінше, әзірге тәртіп бұзғандар ескертумен шектеліп жатыр. Алайда ол тағы қайталанса, қалтадан 43 250 теңге шығаруға тура келеді. Қазірдің өзінде 21 адам жауапкершілікке тартылған. Еске сала кетейік, қоғамдық жерде бетті жауып жүруге тыйым салатын заңға былтыр Президент қол қойып, күшіне енген еді.

САНЖАР ӘДІЛОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда осыған орай жұмыстар басталды. Біріншіден, тағы да айта кетейін, біздің полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда заң енді қабылданды ғой. Сол себептен біздің полиция қызметкерлері тек қана ескерту жасауда.

Қуат Құдайберген

← Все новости