Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Блогерлер рақымшылыққа ілікпейді

11 автокөлікті ұтысқа қойып, курс сатқан блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова рақымшылыққа ілікпейді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты. Ведомство өкілінің айтуынша, блогерлерге тағылған айыпқа рақымшылық нормалары қолданылмайды екен. Астананың қылмыстық соты ерлі-зайыптыларды кінәлі деп танып, екеуінің де мүлкін тәркілеуді белгіледі: Ерболат Жанабылов 2 жылға шартты түрде сотталса, Эльмира Төлегенова 2 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ 3 баласының болуына байланысты оның жазасы 2 жылға кейінге қалдырылды.

САНЖАР ӘДІЛОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Блогерлер рақымшылыққа ілікпейді, яғни оларға қатысты қылмыстық істен босату және жаза мерзімін қысқарту жеңілдіктері қолданылмайды. Бұл баптарға рақымшылық нормалары таралмайды.

Үсен Астана

← Все новости