Қазақстандықтардың отбасын құру жасы әлдеқайда ұлғайған. Тәуелсіз сарапшылардың дерегінше, ел азаматтарының басым көпшілігі 25-26 жаста некеге тұрады екен. Ал әлем бойынша ерте үйленетіндердің көшін Африка, Оңтүстік Азия және Тынық мұхиты аймағындағы елдер бастап тұр. Мұндағы азаматтар 21-де шаңырақ көтерсе, Еуропа мен АҚШ-та тұратындар мансап қуып, отау тігуге асықпайды. Мұнда 30 жастан кейін үй болу қалыпты үрдіске айналған.
Жанар Арғынова