Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Тәртіп бұзсаң, дрон көріп қояды…

Дрон бәрін көріп қойды. Ақтөбелік полицейлер жолда жүру ережесін пысқырмайтын жаяуларды анықтау үшін дрондарды пайдалануда. Соның арқасында 150-ден астам заң бұзушылық анықталды. Олардың арасында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткендер, арнайы белгілерді қаперіне алмағандар, бағдаршамның қызыл түсі жанғанына қарамастан алға өңмендегендер бар. Тәртіп сақшылары бәрінің жеке басын анықтап, оларға қисынсыз әрекеттерінің қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді. Бұлары өзінің өміріне ғана емес, көлік тізгіндеген жүргізушіге де қауіп төндіретінін айтты. Жыл басынан бері Ақтөбеде 2 мыңнан астам жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

ӘСЕМ ПІРМАҒАНБЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ҚЫЗМЕТ ИНСПЕКТОРЫ:

Дрон кез келген уақытта ұшырылатынын ескергеніміз жөн. Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы және бағдаршамның рұқсат беретін белгісі жанғанда өтуге шақырады.

← Все новости