Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Қазақстандықтар жеке деректерін кім сұратқанын біле алады

Жеке деректерді бақылаудың жаңа қамы. Енді қазақстандықтар өздері жайлы мәліметті қандай орган не үшін сұратқанын біле алады. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі «Цифрлық кеңістікке қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды. Соған сәйкес, бұдан былай азаматтар электронды цифрлық қолтаңбасын жоғалтып алса да немесе біреудің қолына түссе де, оның күшін жоя алады. Сондай-ақ пайдаланушылар push-хабарламалар, SMS және электрондық пошта арқылы маңызды оқиғалардан міндетті түрде хабардар болуға тиіс. Қауіпсіздік параметрлерін де басқаруға мүмкіндік бар.

← Все новости