Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Отар-отар қой қырылып қалды

Айналасы бір күннің ішінде екі отар қой-ешкі қырылып қалды. Атырау облысында толассыз жауған жаңбыр шопандарды барынан айырды. Табиғаттың тосын мінезі 1200-ден аса ұсақ малдың басын жалмаған. Құбылмалы ауа райынан Жылыой ауданындағы 11 шаруа қожалығы зардап шегіпті. Мамандардың сөзінше, қыстан көкке әрең ілінген төрт түлікті қожайындары ерте қырқып тастаған. Содан жаңбырдан кейінгі қара суыққа шыдай алмаған көрінеді. Бірақ жауаптылар шопандарға шығын өтелмейді деп отыр. Қазіргі уақытта өлекселердің бәрін өртеп, көзін жойған.

САЙРАН ҒҰНДАНҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ауа райының қолайсыз болатынын ескермей қалған ғой бұл жерде. Далада қалып қойған. Бағанағы барғанда жайлаулары дайын болмайды кейбір шаруашылықтардың. Біздің басқарма тарапынан аса қауіпті аурулар анықталмағандықтан, өтемақы төлеуге жатпайды.

← Все новости