Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Қ.Тоқаев АҚШ пен Иран келісімін құптады

Қазақстан АҚШ пен Иран қол жеткізген келісімді құптайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында бұл уағдаластықтың маңызы зор екенін атап көрсетті. Президенттің айтуынша, бұл өзара сенімді қалпына келтіреді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Халықаралық ахуал күрделі қазіргі кезеңде аймақ және әлемдік қоғамдастық үшін мұндай келісімнің маңызы зор. Біз тараптардың саяси ерік-жігерін жоғары бағалаймыз. Бұл өзара сенімді қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Сын сәтте батыл әрекет етіп, стратегиялық көрегендік танытқан АҚШ Президенті Дональд Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы жетекшілігінің конструктивті ұстанымын қуаттаймыз. Қазақстан осы бейбіт келісімге қол қою Таяу Шығыста және одан тысқары жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалайтынына сенім артады.

← Все новости