Перейти к содержимому
· 14 просмотров

100 тонна етті өртеп жіберді

100 тоннадан астам етті өртеп жіберді. Инспекторлар Жетісу облысына Қытайдан жеткізілген тауық пен үйректерді күлге айналдырды. Сөйтсек, көрші елден әкелінетін және транзитпен өтетін жүктерді тексеру кезінде ветеринариялық заңнаманы бұзу дерегі анықталыпты. Сондықтан жауаптылар осындай шешімді қабылдаған. Сондай-ақ заңды белшесінен басқан 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

← Все новости