Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Kyzdar.net-ті құрғандар ұсталды

Алматыда «Kyzdar.net» интернет ресурсын құрғандар құрықталды. Күдіктілердің арасында IT-компаниялардың негізін қалаушылардың бірі бар екен. Тінту кезінде интернет арқылы «жеңгетайлықпен» айналысқандардан 144 миллион теңге, 1 миллионнан астам доллар, қару-жарақ, оқ-дәрілер тәркіленген. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, платформада тәнін сатумен айналысқан 9 мың адамның анкетасы болған. 2011 жылдан бастап сайтты ашқандар оған жарнама беріп, ақылы интимдік қызмет көрсеткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әлі жалғасады.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Платформада интимдік қызмет көрсетуге арналған шамамен 9 мың анкета орналастырылған, олардың 500-ден астамы дәстүрлі емес сексуалдық бағдардағы адамдар мен трансвеститтердің анкеталары болған. Мұндай қызметтер жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттыратын факторлардың бірі болып табылады. Алдын ала есептеулер бойынша, олардың көлемі айына 500 миллион теңгеден асқан. Қаржылық операциялардың едәуір бөлігі ақша қаражатының қозғалысын бақылауды қиындату мақсатында криптовалюта құралдарын пайдалану арқылы жүргізілген.

← Все новости