Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Алакөлде төрт адам құтқарылды

Алакөлде құтқарушылар қиын жағдайға тап болғандарды аман алып қалды. Жетісу облысында төрт азамат тік тұрып есетін тақтайға мініп алып, серуендеп жүргенде жағадан ұзап кеткен. Қырсық шалғанда сол сәтте дауыл тұрып, толқын көтеріліп, олар тіпті пұшайман күйге түскен. Оқыс оқиға Көктұма ауылы маңында болды. Дабыл белгісін алған шұғыл құтқару жасағының қызметкерлері мен полицейлер дереу көмекке ұмтылып, иманын үйіріп отырғандарды жағадан бір жарым шақырым қашықтықтан тапқан. Сөйтіп бәрін жағаға аман-есен жеткізді. Олардың ешқайсы медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

← Все новости