Қостанай облысында тыйым салынған жерде шомылған атасы мен немересі суға батып кетті. Қайғылы оқиға Алтын дала ауылы маңындағы Тобыл өзенінде болды. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жағада ойнап жүрген 6 жасар бала абайсызда ағысы қатты жерге түсіп кеткен. Немересін құтқару үшін атасы суға секірген. Алайда, қатты ағыс екеуін де өз иіріміне тартып әкетіпті. Екі күнге созылған іздестіру жұмыстары бүгін аяқталды. Марқұмдардың денесі бір жарым және бес метр тереңдіктен табылды.
АРУЖАН АХМЕТЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:
Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 100-ден аса жеке құрам қызметкері, 26 бірлік техника, 12 жүзу құралы және бес ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Іздестіру басталғалы су айдынының акваториясында көлемі 70 мың шаршы метр аумақ тексерілді.