Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Пауэрбанк жарылып, күйіп қалды

Сөмкесіндегі пауэрбанк жарылып, денесін күйік шалды. Павлодарда бойжеткен бір ажалдан аман қалды. Оқиға фитнес залдардың бірінде болған. Бұл жөнінде зардап шегушінің өзі әлеуметтік желіде жариялады. Сөзінше, жаттығудан шыққан ол ұмытып кеткен штативін алу үшін нысанға қайта барған. Сол кезде дорбасындағы телефон қуаттағыш құрылғы түтіндеп, бірнеше секундтан кейін атылып, өрт шыққан. Бейнебақылау камерасына жазылған кадрдан қыздың жанып жатқан сөмкесін жанталасып, иығынан әрең шешкені анық көрінеді. Соның кесірінен шашы мен қолдары қатты күйіпті. Қайта жедел жәрдем тез жетіп, тиісті көмек көрсетілген. Қазір жағдайы бірқалыпты. Оқыс жағдайдан қорқып қалған бойжеткен қуаттағыш құрылғыға абай болу керектігін ескертті.

ДИЛЯРА ХАМЗИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Фитнес залдың қызметкерлері өрт сөндіргішпен отты өшіруге тырысты. Бірақ сөмке жана берді. Содан далаға алып шығып, су шашып жатып әрең сөндірді. Жедел жәрдемді де солар шақырып, бес минутта келді. Сол жерде қолдарымды таңып, шұғыл күйік бөлімшесіне жеткізді. Ол жақта алғашқы көмек көрсетіліп, 10 күн ауруханаға жатасыз деді. Бірақ мен жатқым келмеді. Қазір екі күн сайын жараны таңуға барып жүрмін.

← Все новости