Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Ұзақ жылдар бойы ашылмаған қылмыстар әшкереленді

Елімізде ДНҚ сараптамасының көмегімен бұдан 30 жыл бұрын жасалған аса ауыр қылмыстар ашылды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биылдың өзінде 1990-шы және 2000-ші жылдардың басында тіркелген ондаған іс бойынша күдіктілер анықталған. Оларды әшкерелеуге молекулалық-генетикалық зертханалардың заманауи мүмкіндіктері мен тұлғаны цифрлық сәйкестендіру әдістері көмектескен. Жиналған бұлтартпас дәлелдердің нәтижесінде күдіктілер өз кінәларын мойындаған. Мәселен, Павлодар және Қарағанды облыстарында адам өлтіріп, ұзақ уақыт бойы жымын білдірмей жүргендердің қолына кісен салынды. Қазір бұл істер бойынша толық дәлелдемелер базасы жиналып, күдіктілер сот шешімін күтіп отыр.

СЕРГЕЙ СТИХЕЕВ, ҚР ІІМ ЖЕДЕЛ-КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Әрбір ашылған қылмыс – бұл әділдіктің қалпына келуі және жазаның бұлтартпастығы қағидатын нығайту жолындағы маңызды қадам. Қылмыскер үшін уақыт қорған бола алмайды. Ерте ме, кеш пе, заңды бұзған әрбір адам анықталып, жасаған ісі үшін тиісті жазасын алады.

← Все новости