Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Черногория президенті елордаға келді

Бүгін елордаға тағы бір қадірменді мейман ат басын тіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория президенті Яков Милатовичті күтіп алды. Кездесу әдеттегідей Тәуелсіздік сарайында бір-біріне ресми делегаттарды таныстырудан басталды. Құрмет қарауылының басшысы рапорт беріп, екі елдің әнұраны шырқалды. Одан кейін президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізді. Бұл Черногория мемлекеті басшысының алғашқы тарихи сапары екеніне тоқталған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұны өте маңызды оқиға ретінде қарастыратынын атап көрсетті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Келіссөздеріміздің нәтижесі екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беретініне сенімім кәміл. Черногорияны халқымыз жақсы біледі. Көптеген азаматымыз жыл сайын Сіздің елде демалып, жақсы әсермен оралады. Орайлы сәтті пайдалана отырып, еліңіздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын. Осы жылдарда біз жақсы қарым-қатынас орнаттық. Өзара ынтымақтастығымыздың мазмұнын байыта түсу керек деп ойлаймын. Оған ешқандай кедергі жоқ. Сіздің іскерлік делегацияңыздың құрамы өте салмақты. Бұл экономикалық және іскерлік байланыстардың ауқымын арттыра түсуге ниетті екеніңізді көрсетеді.

← Все новости