Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Баянауылда қарақұрттың жұмыртқасы жойылды

Жазда қыдырып, Баянауылға барсаңыз, абайлап жүріңіз! Көрсең көз тоймайтын көрікті мекенде қарақұрт бар. Дегенмен, туристер тосын оқиғаға тап болмасын деп, ұлттық парк қызметкерлері осы улы жәндіктің жұмыртқасын жоюда. Мәселен, мамандар Торайғыр көлінің маңындағы 3 гектар аумақты сүзіп шығып, 24 дана зиянкесті арнайы ыдысқа жинап, өртеп, көзін жойды. Бұлардың бәрі аталық жұмыртқалар екен, ал аналығы кездеспеген. «Бұл шара демалушылар мен парк аумағына серуендеп келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалды», дейді қызметкерлер.

Рамазан Палмағанбет

← Все новости