Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Жарнама жасаймын деп, басы пәлеге қалды

Жарнамадан «от» шықты. Ақтөбеде ешкімге ұқсамайтын бейнеролик жасаймын деген бойжеткеннің басы бәлеге қалды. Ол жүріп келе жатқан көліктен басын шығарып, қаладағы кофехананы жарнамалаған. Әлеуметтік желідегі видео полицейлердің де назарына ілікті. Мұндай оғаш қылық жол қозғалысы ережесін қатаң бұзу ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіру екендігін ескертіп, видеоға қатысы барларға айыппұл салды.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Все новости