Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Мектеп қызметкерлері құрылысқа жегілген бе?

Мектеп қызметкерлері құрылысқа жегілді. Түркістан облысы Созақ ауданындағы білім ордасында әйелдердің жөндеу жұмыстарын жасап жатқан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жауаптылар бейнежазбадағы азаматтар өздеріне тиесілі іспен айналысқанын мәлімдеді. Сондай-ақ салаға жауапты басқарма мектепті әктеп-сырлауға бюджеттен қаржы бөлінбегенін, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілмегенін атап өтті. Көпшіліктің талқысына айналған мәселенің мән-жайын анықтау үшін аудандық білім бөліміне хабарластық. Басшының айтуынша, барлық жұмыстар заң талаптарына сай жүргізіліпті.

АБАЙ ӨТЕБАЕВ, СОЗАҚ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Мектептің техникалық қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттемелерінің аясында ретке келтіру мен тазалық, абаттандыру жұмыстарына уақытылы қатысады. Бұл жерде құрылыс жұмыстары техникалық қызметкерлерге беріліп, оларға қосымша немесе артық жұмыстарға тартылып жатқан жоқ. Қызметкерлердің еңбек міндеттері мен жұмыс уақытысы заң талаптарына сәйкес жүргізілуде.

← Все новости