Перейти к содержимому
· 1 просмотр

Жылан көбейді

Енді туристер атақты Сочи мен Батуми сынды демалыс аймақтарына бара алмауы мүмкін. Өйткені Қара теңіз жағасында жылан көбейіпті. Сондай-ақ Қарт Каспийде де бауырымен жорғалаушылардың қатары артқан. Бұған ең алдымен су айдындарындағы жағажай жиегінің өзгеруі, батпақты жерлердің азаюы мен ауа температурасының көтерілуі себеп. Осылайша жан-жақтан қысым көрген тіршілік иелері суда өмір сүруге біртіндеп бейімделе бастайды екен. Мәселен, адамдар жыландарды Севастополь, Дербент, Махачкала жағасынан да көптеп кездестіріпті. Ал бұл аймақта бауырымен жорғалаушылардың артуын Азов пен Қара теңіздің тұздылығымен байланыстырады. Бұдан бөлек, Каспий теңізіндегі жыландардың артуына Дағыстандағы тасқын себеп болуы мүмкін.

← Все новости