Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Мемлекеттік қызмет мансап емес, міндет!

Мемлекеттік қызметшінің миссиясы – бас пайданың қамы емес, елге адал еңбек ету. Бұл – салада сан жыл тер төккен ардагерлердің пайымы. Бүгін, 23 маусым, кәсіби мерекеге орай елордада салтанатты жиын өтті. Атаулы күні мемлекеттік қызметке алғаш қадам басқан мамандар ант қабылдап, халыққа риясыз қызмет қыламыз деп серт берді. Ал аға буын өкілдері болса, «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісін кеудеге тақты. Райхан Братаева осыдан 30 жыл бұрын әкімдік табалдырығын аттап, еңбек жолын бастаған. Қалтқысыз қызметінің арқасында қазір агенттіктің басшылық лауазымына дейін өсті.

РАЙХАН БРАТАЕВА, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АРДАГЕРІ:

Әкімшілік бөлімінде қызмет атқардым. Одан кейін кадр бөлімінде бас маман болып ауыстым. Содан соң барып консультант, бөлім, басқарма басшысы болып мансаптық жолдан өттім. Әсіресе жас қызметкерлерге айтқанда, еңбекақы туралы айтып жатады. Біз еңбекақы табу үшін ғана келмеуіміз керек. Мұнда халыққа қызмет жасау үшін келу керек.

Салтанатты жиында саланың озаттары «Үздік мемлекеттік қызметші» медалімен марапатталды. Сондай-ақ таяуда ғана қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды әзірлеуге үлес қосқандар да қалтарыста қалмады.

ӘБДІҚАХАР СЛАМҚҰЛ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС КОНСУЛЬТАНТЫ:

19 мамырда Мемлекет басшысы қол қойған «Мемлекеттік қызмет туралы» заң бар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң бар. Осы заңдарды жүзеге асыруға, осыны қабылдауға үлес қосқан бірқатар мемлекеттік қызметкерлер марапатталды. Бұдан бөлек, «Үздік мемлекеттік қызметші» деген конкурс ұйымдастырылған. Осы конкурс аясында жалпы елге, халыққа сапалы қызмет көрсетіп жүрген қызметшілер марапатталып жатыр.

← Все новости