Перейти к содержимому
· 13 просмотров

Шекарадағы ауылдар Қырғызстанға беріледі

Орталық Азияда оқтын-оқтын тіркеліп тұратын қырғыз-өзбек шекарасындағы қақтығыстарға нүкте қойылған секілді. Қос мемлекет басшылары кикілжіңге себеп болған жерлерді алмастыруға уағдаласты. Енді Өзбекстанның Ферғана облысындағы этникалық қырғыздар тұратын Чоңғара мен Таш-Төбе ауылдары айыр қалпақты ағайындарға беріледі. Елді мекендерде алдағы уақытта халықты тіркеу жұмыстары басталып, тұрғындар жаңа азаматтық алады.

Ал істің қарымтасы ретінде қырғыздар өзбектерге шекара маңынан сол ауылдармен пара-пар жер беретін болды. Негізі, бұл келісімге екі президент 2023 жылы келген екен. Өзбекстан иелігіне берілген жердің аумағы шамамен 5 мың гектарды құрайды. Ал қырғыздар 1 мың гектар жайылым жер мен құрылысы аяқталмаған Кемпір-Абад каналы үшін 13 мың гектарға жуық алқапты өтемақы ретінде алды.

← Все новости