Перейти к содержимому
· 32 просмотра

Мемлекеттен заңсыз шығарылған 40 млрд теңге қайтарылды

Қайтқан ақшада қайыр бар. Биыл мемлекеттен заңсыз шығарылған активтердің 40 млрд теңгесі қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Қадағалаушы органның дерегінше, мүлік, салық, экологияға келтірілген залал мен басқа да төлемдерді қоса алғанда, мемлекет пайдасына 147 млрд теңге өндіріліпті. Нәтижесінде арнаулы мемлекеттік қорға түскен қаражатқа 39 әлеуметтік нысан салыныпты. Ал заңсыз шығарылған активтердің 38 млрд-ы ақшалай, қалғаны мүлік түрінде қайтарылған екен. Жиында бұдан бөлек, инвестицияларды тарту, қылмыскерлерді экстрадициялау мәселелері де сөз болды.

Нұрай Құрақпай

← Все новости