Перейти к содержимому

Денелерін түгел бөртпе басып кеткен

Бурабайға демалуға барған көкшетаулық отбасы әлеуметтік желіде дабыл қағып, суға шомылғаннан кейін үстілеріне бөртпе шыққанын жазды. Олар Бурабай мен Үлкен Шабақты көлдеріне түскен. Біраз уақыттан кейін қолдары қышып, денелерінде қызыл дақтар пайда болған. Әсіресе, кішкентай баланың жағдайы ауырлап, терісі күлдіреп кеткен екен. Дәрігерлер оған буллезді дерматит диагнозын қойыпты. Ал Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биылғы шомылу маусымы басталғалы мұндай шағымдар тіркелмегенін айтты. Сондай-ақ олар мамыр айында Бурабай ауданындағы су айдындарынан алынған сынамалар барлық талаптарға сәйкес екенін жеткізді.

← Все новости