Перейти к содержимому

Мектепте кімге смартфон ұстауға болады?

Мектепте кей сынып оқушыларына смартфон ұстауға рұқсат берілуі мүмкін. Оқу-ағарту министрі Үкіметте сабақ уақытында телефон қолдану тәртібіне қатысты пікір білдірді. Жұлдыз Сүлейменованың сөзінше, жоғары сыныптың балаларына гаджет пайдалануға тыйым салынбауы керек. Себебі көптеген пәндер онлайн платформалар арқылы оқытылады, сондай-ақ олар ҰБТ мен SAT емтихандарына дайындалуы қажет. Ал 7-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақ басталғанда телефондарын ұстазына өткізуі міндетті, деді сала басшысы. Қазір бұл мәселе пысықталып, мұғалімдермен жан-жақты талқыланып жатыр екен.

← Все новости