Перейти к содержимому

Қазақстандық жүргізуші куәлігі Дубайда жарамды болады

Енді отандастарымыз Дубайда да емін-еркін айдай береді. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, қазақстандық жүргізуші куәлігі Біріккен Араб Әмірліктерінде де жарамды. Заң күшіне енгеннен кейін азаматтар шетелде ешқандай қосымша құжат рәсімдемей-ақ темір тұлпар тізгіндей алады. Қазір екі тарап қажетті құжаттарды рәсімдеп жатыр. Айта кетейік, ресми дерек бойынша, Біріккен Араб Әмірліктеріне жыл сайын шамамен 400 мың қазақстандық саяхаттайды. Ал 14 мыңға жуық отандасымыз бұл елде тұрақты қалады.

← Все новости