Перейти к содержимому
· 6 просмотров

ҰБТ-дан пайда көрген алаяқ Албанияда ұсталды

Күдікті ата-аналарды алдап, 28 миллион теңгені қалтасына басып, шетелге қашып кеткен.

Баласын оқуға түсіреміз деп бақыр тиынсыз қалған отыздан астам қазақстандықты сан соқтырған алаяқ Албаниядан экстрадицияланды. Ол «ұл-қызыңызды ҰБТ-ға дайындаймын, әлемнің маңдайалды оқу орындарына түсіремін» деп жұртты еліткен. Перзенті үшін барын беретін ата-ана оның сөзіне имандай сеніпті. Ақыры, 28 миллион теңгені қалтасына басып, шетелге қашып кеткен. Бас прокуратураның мәліметінше, әккінің әрекеттері 2022-2023 жылдар аралығында жүзеге асқан екен. Кейін күдіктіге қатысты халықаралық іздеу жарияланып, ақыры Албанияда қолға түскен.

ЕРЛАН ЖАНПЕЙСОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

2025 жылдың мамыр айында ол Албания Республикасында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

← Все новости