Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Екі мыңнан астам адамның айыппұлы кешіріледі

Әкімшілік рақымшылық аясында микро және шағын бизнес субъектілері үшін «таза парақ» қағидаты қолданылады.

Елімізде екі мыңнан астам қазақстандықтың әкімшілік айыппұлы жойылғалы тұр. Әкімшілік рақымшылық аясында микро және шағын бизнес субъектілері үшін «таза парақ» қағидаты қолданылады. Оған сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық берешегі толық өтелген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады. Қазіргі есеп бойынша мұның жалпы көлемі 300 миллион теңгеге жуық. Рақымшылық Қазақстан азаматтарына, жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттар мен заң консультанттарына қолданылады екен. Ал заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, қандастар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ жандарға бұл жеңілдіктің қатысы жоқ. Сондай-ақ, салық салу объектілерін жасырып, салық төлеуден жалтарған немесе оның мөлшерлемесін төмендеткен тұрғындар да рақымшылыққа ілінбейді екен.

← Все новости