Перейти к содержимому
· 2 просмотра

Жүздеген дроппер сотталды

Елімізде соңғы 9 айда жүздеген дроппер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бас прокуратураның мәліметінше, алаяқтар олардың көмегімен азаматтардан жымқырылған шамамен 400 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Жалпы осы уақытқа дейін 700-дің үстінде іс тіркеліп, 200-ден астам адам сотталған. Олардың арасында колледж студенттері де бар. Заң бойынша мұндай әрекет үшін 7 жылға дейін жаза қарастырылған. Прокуратура азаматтарды банк картасын бөтенге  бермеуге шақырады.
САЯН ӘБДЕНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Қылмыстық жауаптылықтан бөлек, дропперлерге банк тарапынан шектеулер қою, шоттарды бұғаттау және өзге де қаржылық ықпалету шаралары қолданылады. Құқыққа қайшы схемаға тартылған, бірақ бұл туралы уәкілетті органдарға өз еркімен хабарлап, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектескен тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
← Все новости