Перейти к содержимому
· 16 просмотров

10 минутта кімнің кім екенін білуге болады

Ұлттық ұлан сарбаздарынан ноу-хау.

Жас жауынгерлер әскери қызметшілердің психологиялық портретін 10-ақ минутта жасап беретін цифрлық жүйе ойлап тауыпты.

«E-Nazar» деп аталатын бұл платформа 2 сағаттық жұмысты 10-15 минутқа қысқартып, қағазбастылықты 80 пайызға дейін азайтып, психологтардың жүктемесін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді екен.

Осы жүйе арқылы мерзімді қызметтегі және келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілер психологиялық тестілеуден өтеді.

Жоба авторларының сөзінше, бастама қазірдің өзінде оң нәтиже беріп жатыр екен.

КИМ ХЁН У, ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ЖАУЫНГЕРІ, «E-NAZAR» ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ АВТОРЫ:

Біз ойлап шығарған бұл платформа психологтардың жұмысын жеңілдетіп, оларға 2 мың сағатқа дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазір «E-Nazar» цифрлық жүйесі толықтай патенттелді. Ақпараттық өнім елордалық әскери бөлімде сәтті тестілеуден өтіп, енді республика бойынша іске қосылуға дайын.

← Все новости