Перейти к содержимому
· 1 просмотр

Пранк түсірген «полицей» қамауға алынды

Астанада полиция формасын киіп, пранк түсірген жас жігіт 10 тәулікке қамауға алынды. Блогер көшеде отырған жас жігітке жақындап, өзін әскери комиссариаттың қызметкерімін деп таныстырған. Армияға алып кете ме деп зәресі ұшып, әбден қорққан бозбала тұра қашқан. Соңында тіпті амалсыздан суға секіре салған. Бірақ кейін тексере келе, бәрі сценарий бойынша түсірілгені әрі оның арнайы дайындалған актер екені анықталыпты. Ал қызметтік киімді заңсыз кигені үшін 27 жастағы блогер ұсталып, 10 тәулікке қамауға алынды.

← Все новости