Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Пластикалық хирургия клиникаларына тықыр таянды

Алматыдағы блогердің, Ақтаудағы депутаттың қазасынан соң Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық хирургия жасайтын клиникаларды жоспардан тыс тексеруді бастады. Нәтижесі қынжылтпай қоймайды. Қазірдің өзінде лицензиялық талаптарды бұзу, медициналық құжаттама ережелерін сақтамау, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына бағынбау секілді заңбұзушылықтар анықталыпты. Тексеру қорытындысы бойынша 24 әкімшілік хаттама толтырылып, 4 млн 800 мың теңге айыппұл салынған. Еске салайын, мамыр айында Алматыдағы жеке клиникалардың бірінде блогер Сәуле Базархан, кейін Ақтауда мәслихат депутаты Ербол Айтуов пластикалық ота жасатамын деп көз жұмған еді.

← Все новости