Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Алаяқтар көшедегі QR-кодтарды ауыстырып жатыр

QR-кодты сканерлеймін деп, бар жиған-тергеніңізден айырылып жүрмеңіз. Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі белең алыпты. Әккілер көшеде ілініп тұрған кодтарды басқа суретке алмастырып, ел-жұртты шатастырып жатыр. Қаскөйлер жалған QR-ларды автобус аялдамаларына, көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне, жарнамалық стендтерге және адамдар көп жүретін орындарға орналастырады екен. Мұқият қарамасаң, сырт көзге кәдімгідей QR-кодтан аумайды. Ал сканерлесең болды, алаяқтар түрлі сілтемелерге жетелеп апарып, жеке дерегің мен бар қаржыңды әп-сәтте қағып алады. Осы орайда полицейлер тұрғындарға ескерту жасап, QR-дың өтірік түрін бірнеше белгі бойынша ажыратуға болады дейді. Соның ішінде код басқа жарнаманың үстіне жапсырылса, хабарландырудың сапасы төмен болса, сондай-ақ ұйымның атауы мен байланыс ақпараты көрсетілмесе, бұларды сканерлеуге асықпаған жөн.

← Все новости