Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Алтын қазып, жердің астаң-кестеңін шығарған

Алтын қазып, Жер ананың ту-талақайын шығарған. Шығыс Қазақстан облысында ірі компанияның атын жамылып, бағалы металды заңсыз өндіргендер ұсталды. Ұйымдасқан қылмыспен бас-аяғы 76 адам айналысыпты. Қолға түскендердің 63-і қазақстандық болса, 13-і шетелдік азамат екен. Бас пайдалары үшін құнарлы топырақты бүлдіріп, оңды-солды шашқандардан бірнеше автокөлік пен арнайы техника, 40 мың доллардан аса қаржы, құрамында алтыны бар шикізат пен алтын, заңсыз қызметті растайтын құжаттар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленген. Мұнысы аздай, табиғатты қорлап, жердің астаң-кестеңін шығарып, айтарлықтай залал келтірген.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Заңсыз қызмет топырақ жамылғысының бұзылуына, табиғи ландшафттың өзгеруіне, жердің бүлінуіне және өңірдің экожүйесіне өзге де теріс әсерлердің туындауына әкеп соққан. Келтірілген экологиялық залалдың мөлшері тағайындалған сараптамалар шеңберінде анықталуда. Бағалы металдардың заңсыз айналымы фактісі, сондай-ақ қылмыстық заңнаманың өзге де баптары, оның ішінде қоршаған ортаға зиян келтіруге байланысты құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

← Все новости