Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Тарихи саябақ күрделі жөндеуден өтеді

Тараздағы әйгілі «Мамыр» саябағы қайта жанданбақ.

Бірнеше жыл бойы тас түнек болып, қараусыз қалған 15 гектар аумақты биыл жергілікті билік адам танымастай етіп өзгертпекші.

Ол үшін бюджеттен 1 миллиардқа жуық теңге бөлуді жоспарлап отыр.

13 жыл жөндеу көрмеген жасыл желек алқабының қазір сметасы да, мердігері де дайын.

Тек қаржы мәселесі толық шешілсе, жұмыс бірден басталады.

Әкімдік жаңғырту кезінде 130 жылдық тарихы бар демалыс орнындағы бірде-бір ағаш оталмайды деп уәде берді.

Жобаға сәйкес, саябаққа 300 орындық пен 380 жарықшам орнатылмақ.

ЕЛДОС КЕҢЕСБЕКОВ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл біздің өзіміздің қазіргі таңда Қазақстандағы ең үлкен экопарк болады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары жуық арада басталады. Қазір таңда келісімшарттың бәрі жасалды. ГАСК-дан рұқсаттарын алып жатырмыз. Келесі жылы аяқталады.

← Все новости