Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Қазақ дәрігері Қытайды мойындатты

Миллиардтан астам халқы бар алпауыт Қытай елінде қазақтың аты тағы да асқақтап, рухымызды бір көтеріп тастады.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің өз қолынан мемлекеттің ең жоғары, ең мәртебелі орденін алу кез келгеннің маңдайына бұйырмаған бақ.

Биыл бүкіл ел бойынша бұл марапатқа ие болған санаулы 8 адамның қатарында қандасымыз Оқас Сүлеймен бар.

2017 жылдан бері бүкіл Қытай бойынша бұл жоғары марапатты небәрі 37 адам алыпты.

Оқас Сүлеймен 40 жылдық еңбегінде 100 мыңнан астам науқасқа шипа дарытып, ажалдан арашалапты, 3 мың 200-ден астам сәбидің іңгәлаған дауысын естіп, жарық дүниеге келуіне септігін тигізді.

Бұған дейін де «Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің үздік қызметкері», «Қытайдың 1-ші мамыр еңбек медалі» және «Ұлттар бірлігі мен прогресінің үздік қайраткері» сияқты мемлекеттік наградаларға ие болған.

← Все новости