Астанадағы үйлердің бірінен жылан шықты. Тұрғындардың зәре-құтын қашырған оқиға елорданың Сарыарқа ауданында болған. Бөлме ішінен жорғалаушыны көрген үй иесі қатты қорқып, бірден құтқарушыларға хабарласқан. Мекенжайға жедел жеткен төтенше қызмет мамандары арнайы құрылғының көмегімен жыланды ұстап, тұрғын үйлерден алыс жерге апарып тастапты. Ешкім зардап шеккен жоқ.