Перейти к содержимому
· 13 просмотров

Медициналық жарнамаға бақылау күшейеді

Енді медициналық қызметтер қалай болса солай жарнама жасап, азаматтарды жалған уәдемен алдай алмайды.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл саладағы талаптарды қатаңдатып, арнайы ережелер енгізуді жоспарлап отыр.

Жаңа тәртіп бойынша клиникалар мәліметті нақты, түсінікті әрі толық ұсынуға міндетті болады.

Сонымен қатар мекеменің лицензиясы ашық көрсетіліп, азаматтарға міндетті түрде дәрігер кеңесіне жүгіну туралы ескертілуі тиіс.

Ең бастысы, ақпарат тарату кезінде адалдық пен кәсіби этика талаптары сақталып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін онлайн материалдардың қолжетімділігі қамтамасыз етілуі керек.

Министрлік бұл өзгерістер деректердің ашықтығын арттырып, халықты жалған уәделерден, күмәнді ұсыныстардан қорғауға бағытталғанын атап өтті.

← Все новости