Қосшыға LRT-мен баратын күн алыс емес секілді. Елорданың іргесінде «Тарлан Астана» жүрдек пойызының құрылысы жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта Шыңғыс Айтматов көшесіне «Астана LRT» деген жазуы бар қоршаулар, құрылыс техникалары, жол белгілері орнатылған. Жобаға жауапты CTS компаниясы бұл LRT құрылысының екінші кезеңі екенін, ол Қосшыға қарай жалғасатынын растады. Егер қаражат жеткілікті болса, аталған бағыттағы жұмыс 2027 жылы аяқталуы мүмкін. Айта кетейін, бұған дейін жеңіл рельсті көлік желісін «Хан Шатырдан» ескі теміржол вокзалына дейін ұзарту жоспарланып отырғаны айтылған еді.
Қосшыға баратын LRT құрылысы жалғасып жатыр
Қосшыға қарай жалғасатын LRT құрылысының екінші кезеңі жүріп жатыр.
Поделиться:
← Все новости